05.12.2024
5 желтоқсаннан бастап кедергісіз тұрақ жүйелері іске қосылады
Алматыда автотұрақ инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
5 желтоқсаннан бастап Жетісу ауданындағы "Адем" ТЦ, "Ялян" ТЦ, "Алатау 1" ТЦ/"Батыр" ТЦ, "Алмалы" ТЦ/"Олжа" ТЦ, "Барыс" базары және БЦ "Нұрлы Тау", әл-Фараби даңғылынан солтүстікте, Желтоксан көшесінен шығыста орналасқан Бостандық ауданында жергілікті типтегі автотұрақтарда кедергісіз тұрақ жүйелері іске қосылады.
Шлагбаумсыз тұрақ жүйесі көліктердің кіру-шығуын бақылау үшін заманауи фото- және бейнетіркеу камераларын қолданады. Тұраққа кіргенде камера көліктің мемлекеттік нөмірі мен келу уақытын автоматты түрде тіркейді. Шығу уақытын да дәл солай тіркейді.
Коммуналдық тұрақтарда алдын ала төлем жүйесі жұмыс істейді. Жүргізушілерге бірнеше ыңғайлы төлем әдістері ұсынылады:
"Парковки Алматы" мобильді қосымшасы: iOS және Android құрылғыларында қолжетімді. Қосымшада "алдын ала төлем" немесе "кейінгі төлем" (қазіргі күннің 23:59-ына дейін) таңдауға болады.
Almaty-parking.kz сайты: тіркелусіз онлайн төлем жасауға мүмкіндік береді.
SMS-төлем: Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттері 1309 нөміріне SMS жіберіп, мобильді шоттан төлем жасай алады.
"Kassa 24" және "Qiwi" терминалдары: қолма-қол есеп айырысуды қалайтындар үшін.
Банк қосымшалары: екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасау.
Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар +7 (727) 390-8000 телефон нөміріне, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін call-орталыққа хабарласа алады.